Районная олимпиада по физике 2014, 11 класс, теоретический тур


Көлемі $200$ л қазандық температурасы $20^{\circ}$ С сумен жартылай толтырылған. Суды $40^{\circ}$ С –қа дейін қыздырайын деп газ оттығын қосады. Осыдан $30$ минут соң қараса су $50^{\circ}$ С -қа дейін ысып кетіпті. Оны қайта салқындату үшін салқын судың (оның температурасы $15^{\circ}$ С) шүмегін ашады, бірақ оттықты өшіруді тағы ұмытып кетеді. Егер шүмектен әрбір минут сайын $10$ л су құйылатын болса қажетті $40^{\circ}$ С температураны алғанша қазандық суға толып кетпей ме? Қазандықтың жылусыйымдылығын және жылу шығынын ескермеңіздер. (5 ұпай)
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: