Областная олимпиада по физике 2016, 9 класс, теоретический тур


[9 ұпай]. Электрлік тізбекке $H$ электрқыздырғышын, амперметрге және реостатқа, әрі тоқ көзіне тізбектей жалғай отырып, қосады да реостат арқылы $0,1$ А тоқ күшін орнатады (суретті қараңыз). Одан кейін электрлік тізбекке $\text{А}$ және $\text{В}$ нүктелерінің арасына кедергісі белгісіз резисторды қосады. Осы кезде амперметр көрсеткіштері бойынша тоқ күші $0,05$ А тең болған. Содан кейін резисторды өшіреді де, оны электрлік тізбектің басқа бөлігіне — $\text{А}$ және $\text{С}$ нүктелерінің арасына қосады. Бұл кезде амперметр $0,3$ А тоқ күшін көрсеткен. Қыздырғыш қуатының тоқ көзі өндіретін толық қуатқа қатынасын, яғни барлық үш жағдайдағы тізбектің ПӘК-ін табыңыз. Тоқ көзі мен амперметрді идеал деп есептеуге болады. Электрқыздырғышының кедергісі барлық үш жағдайда бірдей.

посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: