14-сәуір Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында
Геометриядан 8-11 сыныптарға арналған ауызша олимпиада өтеді

Жариялау күні: 2024-04-03

Олимпиаданың өту уақыты барлық қалалар үшін бірдей:

Олимпиада өтетін орындар:

Олимпиада ұйымдастырушылары: Мәскеу үздіксіз математикадан білім беру орталығы. Бұл олимпиаданы Алматы қаласында «Аль-Фараби» олимпиадаға дайындық орталығы, Астана қаласында - РФМШ, Ақтөбе қаласында - БИЛ өткізеді.

Олимпиада - математикадан қалалық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсеткен және геометрияға қызығушылығы бар оқушыларға арналған.

Олимпиада И. Ф. Шарыгиннің құрметіне ұйымдастырылған Халықаралық геометриядан олимпиада аясында өткізіледі. Олимпиадаға 8–11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада жүлдегерлері жергілікті ұйымдастыру комитетітің дипломдарына және математикалық әдебиеттерге ие болады. Олимпиада жеңімпаздары атанған 8-10 сынып оқушылары 2024-жылы шілде айының соңында Москвадағы Дубна қаласында өтетін Геометриядан И.Ф. Шарыгин атындағы Бүкілресейлік олимпиаданың қорытынды кезеңіне шақырту алады.

Өзіңізбен болуы қажет: канцелярлық және жазуға арналған құралдар, парақ, су, кішігірім тіскебасар.

Олимпиада ережесі:

Олимпиада аяқталған соң, бірден жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтеді.

Өткен жылдары (2019-шы жылға дейін) тек Алматы қаласында қатысушылар саны өте көп болды. Алдыңғы жылы олимпиада Алматы қаласымен қатар,  Астана, Ақтөбе, Казан, Киров, Курган, Краснодар, Магнитогорск, Пенза, Санкт-Петербург, Саратов, Тюмень, Ярославл, Ульяновск және Уфада өтті.


Олимпиадаға қатысуға көп оқушы өтінім жасайтындықтан,(12-сәуір (09:00-ге дейін) тіркелу қажет. Олимпиадаға тіркелмеген оқушылар ҚАТЫСТЫРЫЛМАЙДЫ! Олимпиада басталмай тұрып, қатысушылардың орындары көрсетілген тізім ілінеді.

Әдетте, қатысушылардың көп бөлігі кем дегенде бір тапсырманы орындамай олимпиаданы аяқтайды. Сол себепті алдымен өткен жылғы олимпиаданың есептерін қарап, оларды шешіп көріңіз. Өткен жылғы нәтижелерді, есептердің берілгені және шешу жолдарын парақшасынан көре аласыз..

Алматы, Ақтөбе және Астана қалалары үшін тіркелу осы формада.
(12-сәуір (09:00-ге дейін) ашық).

Құрметпен, «Аль-Фараби» олимпиадаға дайындық орталығы
Байланыс номерлері: Алматы 87772039373, Астана 87055829040, Ақтөбе 87016355367
E-mail: cop.alfarabi@gmail.com.


Алматы қаласында олимпиаданың өтетін орны:


Астана қаласында олимпиаданың өтетін орны: Туркестан көшесі, 2/1.


Комментарий(0)