Районная олимпиада по физике 2013, 8 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Белгілі бір биіктіктен еркін құлаған дене құлау басталғаннан кейін қандай-да бір уақыт өткен соң $h_1=1100$ м биіктікте болды, ал тағы да $\Delta t=10$ с уақыт өткенде — жер бетінен $h_2=120$ м биіктікте болды. Дене құлай бастаған $h$ биіктікті табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g=9,8$ м/с$^2$. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2.  Егер ыдысқа, температурасы $t_1=40^{\circ}$ С бір саптыаяқ су, температурасы $t_2=30^{\circ}$ С төрт саптыаяқ су және температурасы $t_3=20^{\circ}$ С бес саптыаяқ су құйылған болса, онда ыдыс ішіндегі судың температурасын анықтаңыз. Жылу шығынын ескермеңіз. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3.  Цилиндр пішініндегі дене, өзінің көлемінің $80\%$-мен суға батырыла отырып, вертикаль күйде суда жүзеді. Егер денені толығымен жауып тұратындай етіп, бензин қабаты құйылатын болса, онда дененің қандай бөлігі суға батырылады? Судың тығыздығы — $1000$ кг/м$^3$, бензин тығыздығы — $700$ кг/м$^3$. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Кастрюлге температурасы $t_0=10^{\circ}$ С су құйып, плитаға қойған. Егер $\tau=10$ минуттан кейін су қайнаған болса, онда ол қанша уақытта толығымен буға айналады? Судың меншікті булану жылуы $q=2,26\cdot 10^6$ Дж/кг, жылусыйымдылығы $c=4,18\cdot 10^3$ Дж/(кг$\cdot$ $^{\circ}$ C). (5 ұпай)
комментарий/решение(1)