Районная олимпиада по физике 2013, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Белгілі бір биіктіктен еркін құлаған дене құлау басталғаннан кейін қандай-да бір уақыт өткен соң $h_1=1100$ м биіктікте болды, ал тағы да $\Delta t=10$ с уақыт өткенде — жер бетінен $h_2=120$ м биіктікте болды. Дене құлай бастаған $h$ биіктікті табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g=9,8$ м/с$^2$. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Шарик, ұзындығы 0,5 м болатын созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген. Шарик вертикаль жазықтықта толық бір айналым жасау үшін, оған қандай минималды горизонталь бағытталған жылдамдық беру қажет? Еркін түсу үдеуі 9,8 м/с$^2$ тең. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3.  $U$-тәріздес ыдыстың иілістерінің бір-бірінен алшақтығы $l=15$ см. Егер ыдыс $a=6$ м/с$^2$ горизонталь үдеумен қозғалатын болса, онда ыдыс иілістеріндегі су деңгейлерінің максимал айырымын табыңыз. Еркін түсу үдеуі 10 м/с$^2$. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №4.  2 л суды $20^{\circ}$ С температурадан қайнауға дейін $10$ мин уақыт ішінде қыздыруға мүмкіндік беретін, ПӘК $80\%$, 220 В-қа есептелген қыздырғыш жасау үшін, көлденең қимасы 0,84 мм$^2$ никель сымның қандай ұзындығын алу қажет? Судың меншікті жылусыйымдылығы $4200$ Дж/(кг$\cdot$К), су тығыздығы $1000$ кг/м$^3$, никельдің меншікті кедергісі $42\cdot 10^{-8}$ Ом$\cdot$м. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)