Районная олимпиада по физике 2014, 8 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Суы бар екі бірдей ыдысқа (біріншісінде су массасы $m_1=0,1$ кг температурасы $t_1=45^{\circ}$ C, ал екіншісінде $m_2=0,5$ кг температурасы $t_2=24^{\circ}$ C), бірдей сынап құяды. Жылулық тепе-теңдік орнаған соң екі ыдыстағы температура бірдей $\theta=17^{\circ}$ С болады. Ыдыстардың $С$ жылу сыйымдылығын анықтаңыз. Судың меншікті жылусыйымдылығы $c=4,2$ кДж/(кг$\cdot$К). (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Массасы $205$ кг темір тағаны массасы $600$ кг механикалық балғамен тегістейді. $35$ соққыдан кейін таға температурасы $100$-ден $180^{\circ}$ C дейін өзгереді. Соққандағы балға жылдамдығы қандай? Тағаны қыздыруға балғаның $70\%$ энергиясы жұмсалады деп есептейміз. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы $460$ Дж/(кг$\cdot$К). (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Бірдей өткізгіш сымнан шеңбер және оның $AB$ диаметрін қосатын көпірше жасалған. Егер көпіршені үзіп тастаса $A$ және $B$ нүктелерінің арасындағы кедергі қанша пайызға өзгереді? Шеңбердің ұзындығы $l=2\pi R$ өрнегімен анықталады, мұндағы $R$ — шеңбер радиусы. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №4.  Егер негативте вагонның биіктігі $0,012$ м, ал шын мәнінде $3$ м болатын болса, онда поезд фотосуреті қандай қашықтықтан түсірілген? Фотоаппарат объективінің бас фокустық арақашықтығы $0,15$ м. Объектив — жинағыш линза болып табылады (немесе, бір линза деп қарастыруға болатын линзалар жүйесі). (5 ұпай)
комментарий/решение