Областная олимпиада по физике 2011, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Сызба жазықтығында салыстырмалы түрде берілген тепе-теңдік күйдегі орналасуға қатысты (1 сурет) кішкене амплитудамен тербеліп тұрған сымнан жасалған ілгіш берілген. $\text{а}$ және $\text{б}$ орналасуларында ұзын жағы горизонтальды орналасқан. Қалған екі жақтары өзара тең. $\text{а}$ — $\text{в}$ барлық үш жағдайда тербелу периодтары бірдей. Масса центрі қай жерде орналасқан және тербелу периоды неге тең? Эскиздерден өлшемнен басқа ақпарат алынбайды. Соның ішінде, детальды ілгіштердің массаларының үлестірімі белгісіз. (6 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Көлемі $V$ идеал газ жылуоқшауланған цилиндрде поршеньмен сығылады. Газдың көлемін $AVI$ өзгерткенде газдың температурасы қалай өзгереді? $u$ — поршень қозғалу жылдамдығы. Газдың көлемі $V_1$ өзгергеннен кейін поршень тоқтайды және жылулық тепе-теңдік орнайды. Есептеуде поршень мен цилиндр қабырғаларының жылусыйымдылығын ескермеңіз. (7 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3. Сыйымдылығы 10 мкФ конденсатор 2 В кернеуге дейін зарядталған және 3 В кернеуге дейін зарядталған 20 мкФ конденсаторға «плюске» «минуспен» жалғанған. Индуктивтілігі 0,3 Гн катушканы сыйымдылығы үлкен конденсаторға параллель жалғайды, және бір мезгілде конденсаторлардың бос шығыстарына индуктивтілігі 1 Гн катушканы жалғайды (2 сурет). Катушкалар арқылы өтетін максимал ток мәндерін анықтаңыз. (8 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №4.  Қозғалыссыз тұрған сутегі атомы жарық квантын бөліп шығарды, Лайман сериясының бастапқы сызығына сәйкес (Лайман сериясы $n-1$ деңгейіне ауысуға сәйкес). Атомның серпілуінің әсерінен фотонның салыстырмалы жиілігінің өзгерісін табыңыз. Серпілу энергиясының арқасында атом қандай жалдамдыққа ие болды? (9 ұпай)
комментарий/решение