Областная олимпиада по физике 2012, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Конус ішіндегі төбе бұрышы $\alpha=\pi/6$, табан радиусы $R=5$ болатын дөңгелек конус горизонталь жазықтық бойымен сырғанаусыз дөңгелеуде (1 сурет). Конус төбесі $O$ нүктесінде шарнирлі бекітілген, $O$ нүктесі табан центрі $C$ нүктесімен бірдей деңгейде. $C$ нүктесінің жылдамдығы $\vartheta=10$ см/с. Конустың бұрыштық жылдамдығының және бұрыштық үдеуінің модулін табыңыз. (7 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Аноды пен катоды — параллель пластиналар болатын вакуумды диодта $I=cU^{3/2}$, бұл жерде $c$ — қандай да бір тұрақты. Егер диодта кернеуді екі есе арттырсақ, электрондардың анодқа түсіретін қысымы неше есе артады? Катодтан ұшып шығатын электрондардың алғашқы жылдамдығын ескермеңіз. (6 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Радиусы 3,4 $\cdot$ 10$^6$ м орбитасы бойымен Ғарыш кемесі Айды шеңбер бойымен айналады. Айдың қарама қарсы жағына түсу үшін, кеменің траекториясына жанама бойымен қандай жылдамдықпен жалаушаны лақтыру керек? Қанша уақыттан кейін жалауша Айға түседі? Жердегі еркін түсу үдеуіне қарағанда Айда 6 есе аз. Ай радиусы — 1,7 $\cdot$ 10$^6$ м. (9 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Поршені бар үлкен цилиндрлі ыдыста, белгілі бір қысымда екіатомды газ орналасқан. Сол температурадағы және сол газы бар радиусы $R_0$ сфералық қабық ыдысқа орналастырылады (2 сурет). Қабықтың иілгіш материалы қосымша қысым жасамайды және жылуды нашар өткізеді. Поршеньді қатты басқаннан газ қысымы екі есе артады. Поршеньді басқаннан кейін сфералық қабықтың $R$ радиусы неге тең? Біршама уақыттан кейін сфералық қабықтың $R_2$ радиусы неге тең? (8 ұпай)


комментарий/решение