Областная олимпиада по физике 2013, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Массасы $m_0=1$ т көлденең қимасы $S=5$ м$^2$ зымыран, қозғалтқышының өшірілген күйінде ұшып келе жатып, тозаң бұлтына тап болады. Әрбір тозаңның массасы $m_1=10^{-6}$ кг, олардың концентрациясы $n=10^{-4}$ м$^{-3}$, ал олардың зымыранмен соқтығысы абсолютті серпімсіз. Егер бұлттан өткеннен кейін зымыран жылдамдығының $1\%$ жоғалтқан болса, онда бұлттың $l$ ені қандай болған? (8 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2.  $t=27^{\circ}$ С температурада, $p_1=5\cdot 10^5$ Па қысымда орналасқан массасы $m=2$ кг газды изотермиялық түрде сығу кезінде оның көлемі $3$ есе ұлғаяды. Сығу жұмысы $A=1,4\cdot 10^3$ кДж. Қандай газ изотермиялық сығылуға ұшыраған және оның бастапқы көлемі қандай болған? (7 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Екі ұзын, тегіс, параллель, горизонталь және өткізгіш штангаларда массасы $M$ өткізгіш $\Pi$ жалғастырғыш (перемычка) жатыр (1-сурет). Штангалардың арақашықтығы $l$. Кедергісі $R$ резистор және ажыратылған $K$ кілт арқылы штангаларға тұрақты ЭҚК-і бар батарея қосылған. Штангалар, $B$ индукциясы бізден, сурет жазықтығына перпендикуляр бағытталған біртекті магнит өрісінің аймағында орналасқан. Кілтті тұйықтағаннан кейін орныққан режимде жалғастырғыш (перемычка) $\vartheta_0$ жылдамдыққа жетеді. Батареяның ішкі кедергісін және штангалар мен жалғастырғыштың (перемычка) кедергісін ескермей, кілтті тұйықтағаннан кейін бірден жалғастырғыштың (перемычка) үдеуін анықтаңыздар. (9 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №4.  Электронды-сәулелік түтікшеде электрондар ағынын сипаттайтын ток күші $I=400$ мкА, үдеткіш кернеу $U=10$ кВ, электрон зарядының массасына қатынасы $\gamma =1,7\cdot 10^{11}$ Кл/кг. Барлық электрон экранмен жұтылады деп есептеп, электрон сәулесінің түтікше экранына әсер ететін қысым күшін табу қажет. (6 ұпай)
комментарий/решение