Областная олимпиада по физике 2014, 11 класс, экспериментальный тур


Ермексаз тығыздығын анықтау (10 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: қалақшалары бар штатив, жіп орамы ($№20$), ермексаз кесектері ($2-3$ кесек), секундомер, таразы, түйреуіш, скотч, қайшы.
Тапсырма: Берілген құрал-жабдықтарды қолданып, ермексаздың тығыздығын неғұрлым дәлірек анықтаңыз.
1) тәжірибені бірнеше рет қайталай отырып, ермексаз тығыздығын анықтаңыз;
2) тығыздықты анықтауға қатысты жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңыз;
3) ермексаз материалының тығыздығын неғұрлым дәлірек анықтаудың шарттарын және мүмкін болатын қателіктердің себептерін (көздерін) сипаттаңыз.
Нұсқау: өзіңізге белгілі кез-келген физикалық тұрақтылар мен константалардың мәндерін белгілі деп есептеңіз.
комментарий/решение(1)