Физикадан аудандық олимпиада, 9 сынып, теориялық тур, 2018-2019 оқу жылы


Есеп №1. Массасы $m$ объект радиусы $R$ қозғалмайтын әткеншектің солтүстік шетінде тыныштықта тұр. Әткеншек $\beta $ бұрыштық үдеумен сағат тілінің бағыты бойынша (жоғарыдан қарағанда) айнала бастайды. Объект пен әткеншек бетінің арасындағы тыныштық үйкелісінің коэффициенті ${{\mu }_{s}}$-ке тең.
    а) Әткеншекті іске қосқаннан бастап уақыттың қандай ${{t}_{0}}$ мезетінде объект оған қатысты сырғи бастайды?
    б) Объект әткеншек бетімен сырғи бастаған мезетте, оның $\vartheta $ жылдамдығының шамасы үшін теңдікті табыңыз.
    в) ${{\mu }_{s}}=0,5,$ $\beta =0,2$ с$^{-2},$ $R=4$ м деп ескереміз. Объект сырғи бастаған мезетте, сағат тілімен солтүстіктен бастап өлшенетін объект жылдамдығы қандай $\alpha $ бұрышпен бағытталған және оның сандық мәні неге тең? Еркін түсу үдеуі $g=9,8$ м/с$^{2}$. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2. Қимасы $S = 3 \cdot10^{-2}$ мм$^2$ мыс өткізгішті қыздырған кезде оның кедергісі $\Delta R=2,5$ Ом шамасына артты. Мыс тығыздығы $\rho=8,9 \cdot 10^3$ кг/м$^3$, ал меншікті жылусыйымдылығы $c = 390$ Дж/(кг$\cdot$К), кедергінің температуралық коэффициенті $\alpha = 3,9 \cdot 10^{-3}$ К$^{-1}$, меншікті өткізгіштік $\sigma = 5,70 \cdot 10^5$ Ом$^{-1} \cdot$см$^{-1}$. Қыздырған кезде өткізгіштің ішкі энергиясының өзгерісін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3. Жұқа линза беретін тура кескін мен дене арасындағы қашықтық, линзаның фокустық арақашықтығының жартысына тең. Дене қандай үлкейтілумен кескінделгенін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4. Массасы $M=11,5$ кг пластинка кедір-бұдыр бет (үйкеліс коэффициенті $k=0,25$) бойымен $F=30$ Н горизонталь бағытталған күштің әсерінен қозғалады. Пластинкада, оның орташа жылдамдығы тұрақты болып қалатындай, массасы $m$ шарик вертикаль секіреді. Соққы уақытын ескермеуге болады деп, $m$ мәнін табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g=10$ м/с$^{2}$. (5 ұпай)


комментарий/решение