Физикадан аудандық олимпиада, 9 сынып, теориялық тур, 2020-2021 оқу жылы


Есеп №1. Кәсіпқой бильярд ойыншылары көптеген жағдайларда «кері қайту» соқтығысын қолданады, өйткені бұл кезде шарлардың траекторияларының бағыты белгілі болып табылады. Бұл соқтығыс, максималь күшті соққы кезінде пайда болатын шарлардың орталық емес соқтығысына сәйкес келеді. Осындай соққыдағы шарлардың жан-жаққа ұшу бұрышы қандай болады? (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №2. Конденсатор пластиналары горизонталь орналасқан және олардың арасындағы кеңістік зарядталған шарик тепе-теңдік күйінде орналасқан. Қандай-да бір уақыттан кейін конленсатор жапсарларының арасын диэлектрлік өтімділігі $\varepsilon = 3$ болатын сұйық диэлектрикпен толтырылғанына қарамастан зарядталған шарик тепе-теңдік күйін сақтап қалады. Зарядталған шарик материалы тығыздығының сұйық диэлектрик тығыздығына қатынасы неге тең? (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №3. Тұрақты ток қаозғалтқышы (мотор) орамдарының кедергісі $R = 40$ Ом. Қозғалтқышты кернеуінің мәні $U = 220$ болатын желіге қосады. Бұл қозғалтқыш $U = 300$ Вт қуатты өндіре алады ма? (5 ұпай)
комментарий/решение(1)