Физикадан аудандық олимпиада, 10 сынып, теориялық тур, 2020-2021 оқу жылы


Есеп №1. Қиысу бұрышы $\alpha = \pi/6$ және табанының радиусы $R=5$ см дөңгелек конус горизонталь жазықтық бойымен сырғанаусыз бірқалыпты дөңгелейді (төменгі суретті қара). Конустың төбесі, конус табанының центрі болып келетін $C$ нүктесімен бір деңгейде орналасқан $O$ нүктесінде, шарнирлі бекітілген. $C$ нүктесінің жылдамдығы $v=10$ см/с. Конустың бұрыштық жылдамдығының және бұрыштық үдеуінің модульдерін табыңыз. (5 ұпай)


комментарий/решение(1)
Есеп №2. Бір моль идеал газбен төменгі суретте келтірілген процесс өтеді. Осы процесс келесі координаталарда қалай бейнеленеді: а) $V-T$ б) $p-V?$ (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3. Радиустары бірдей $r$ болатын екі металл шарик, меншікті кедергісі $\rho$ біртекті әлсіз өткізгіш ортада орналасқан. Шариктер арақашықтығы $r$-дан әлдеқайда үлкен болған жағдайда, олардың ортасындағы ортаның $R$ кедергісін анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение