2025 жыл 7-желтоқсанында 1-6 сынып оқушылары арасында «FEMO» математика олимпиадасы өтеді.
Құрметті 1-6 сынып оқушылары! Сіздерді математика пәнінен өтетін VIII Халықаралық FEMO International олимпиадасының қысқы кезеңіне қатысуға шақырамыз.
Олимпиада күні – 7 желтоқсан, 2025 жыл.
Олимпиада өтетін тілдер: ағылшынша, қазақша, орысша, грузин, неміс тілінде және қатысушы елдің тілі (сұраныс бойынша).
Олимпиада форматы: офлайн, онлайн
Олимпиада мекенжайлары: https://femo.kz/ru/femo-2025
Тіркеу құны – 18$ (9000 тенге).
Олимпиаданың жеңімпаздары, Түркияның Анталья қаласында өтетін олимпиаданың финалына шақырылады.
Қатысу үшін www.femo.kz сайтында 2025 жылдың 2 желтоқсанға дейін тіркелу қажет.
Тіркеліп, төлем жасалғаннан кейін, сіздің тіркелген кезде көрсетілген поштаңызға 48 сағат ішінде олимпиада жайлы ақпарат жіберіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады.
Қосымша сұрақтар бойынша femo@fizmat.kz поштасына жазуды сұраймыз.
«FEMO» олимпиадасының «FEMO олимпиадасының есептері мен шешімдерінің жинағы. 2019-2023 оқу жылы» деген жаңа шыққан кітабында өткен жылдардың есептерін таба аласыз. Кітапты https://matol.kz/books сайтынан тапсырыс беруге болады.
Комментарий(0)
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.