5 және 13 қарашада AMC олимпиадасы өтеді.

Жариялау күні: 2026-10-19

Жоғары сынып оқушылары мен мектеп бітіруші түлектер! 5 және 13 қарашада Алматы, Астана және Шымкент қалаларында AMC (American Mathematics Competitions) олимпиадасы өтеді.

АҚШ-тың MIT, Stanford, Caltech сияқты жоғары оқу орындарына түсу кезінде осы олимпиаданың нәтижелері жиі ескеріледі.

Қазақстанда осы олимпиаданы өткізу ережелері (олимпиаданың мүмкіндіктері, қатысатын сыныптар, марапаттау тәртібі және т.б.) мына жерде жарияланған: https://matol.kz/info/9.

 

Қатысатын сыныптар: 8–13-сыныптар (8–10-сынып оқушылары AMC10 олимпиадасына, ал 11–13-сынып оқушылары AMC12 олимпиадасына қатыса алады).

Олимпиада екі нұсқада өткізіледі:

Жүлдеге ие болу мүмкіндігін арттыру үшін екі нұсқаға да қатысуға болады. Алайда бір күнде тек бір олимпиадаға қатысуға рұқсат етіледі.

Өткізу мекенжайлары:

Өткізу уақыты:

5 қараша

13 қараша

Ұйымдастыру жарнасы: 10 000 теңге.

Өзіңізбен бірге алып келу қажет: фотосуреті бар оқу орнынан анықтама (анықтамасыз олимпиадаға қатысуға рұқсат берілмейді), қара немесе көк сиялы қалам, түзеткіш.

 

Тіркелу smart-arena.kz сайтында ашық (AMC-A үшін 3 қараша сағат 22:00-ге дейін, AMC-B үшін 11 қараша сағат 22:00-ге дейін).

Тіркелу тәртібі қарапайым:

  1. Егер сіз smart-arena.kz сайтында бұрын тіркелген болсаңыз, логин мен құпиясөзіңізді пайдаланып аккаунтыңызға кіріңіз де, олимпиадаға тіркеліңіз.
  2. Егер сізде әлі аккаунт болмаса, алдымен сайтқа тіркеліңіз. Бұл жеке кабинетіңізден сертификаттар мен дипломдарды жүктеп алу үшін қажет. Содан кейін олимпиадаға тіркеліңіз. Сұрақтар туындаса, алдыңғы олимпиадалардың бейненұсқаулықтарын көре аласыз. Бұл олимпиадада сайтқа тіркелу жеңілдетілген, ал олимпиадаға тіркелу кезінде бір аккаунттан ең көбі бір қатысушыны тіркеуге болады. Сондай-ақ тіркелмес бұрын мектептің электрондық поштасын алдын ала біліп алыңыз.

 


Комментарий(0)