Республиканская олимпиада по физике 2015, 11 класс, теоретический тур


(10,0 ұпай)
Бұл есеп бір-бірінен тәуелсіз үш бөлімнен тұрады.
Бөлім 1А
Массасы $M=11,5$ кг пластинка кедір-бұдыр бет (үйкеліс коэффициенті $k=0,25$) бойымен $F=30$ Н горизонталь бағытталған күштің әсерінен қозғалады. Пластинкада, оның орташа жылдамдығы тұрақты болып қалатындай, массасы $m$ шарик вертикаль секіреді. Соққы уақытын ескермеуге болады деп, $m$ мәнін табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g=10$ м/с$^2$.


Бөлім 1B
Бұрыш, идеал өткізгіштен жасалған, ал оның жан-жақтарымен өткізгіш стержень, барлық уақытта биссектрисаға перпендикуляр күйде қала отырып, сырғи алады. Бұрыш, өзінің жазықтығына перпендикуляр бағытталған, индукциясы $B=1$ Тл біртекті магнит өрісіне орналасқан. Егер стержень $\vartheta=5$ м/с тұрақты жылдамдықпен қозғалатын болса, тізбектегі ток күшін табыңыз. Стерженнің қимасы $S=1$ мм$^2$, ал оның меншікті кедергісі — $\rho=5\cdot 10^{-7}$ Ом$\cdot$м.


Бөлім 1С
Диаметрі $D=2$ см жұқа жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы $F_1=10$ см. Оның оптикалық осінің бойымен диаметрі $d=1$ см дөңгелек тесік бұрғылап теседі де оған фокустық арақашықтығы $F_2=20$ см шашыратқыш линза қояды. Линзалардың бас оптикалық осінде, олардан $L=20$ см қашықтықта нүктелік жарық көзі орналасқан, ал линзалардың ар жағында $\text{Э}$ экран орын ауыстыра алады. Экрандағы жарық дағының $D_{\min}$ минимальді өлшемін анықтаңыз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: