Математикадан аудандық олимпиада, 2011-2012 оқу жылы, 9 сынып


Есеп №1. 10-нан аспайтын натурал $m$ және $n$ сандарының көмегімен $\dfrac{m}{n}$ түрінде қанша әртүрлі сан жасай аламыз? Мысалы, $\dfrac{2}{4}=\dfrac{1}{2}$ болатынын ұмытпаңдар.
комментарий/решение(5)
Есеп №2. Әр түзу дәл төрт басқа түзумен қиылысатындай етіп, жазықтықта, ең көп дегенде, қанша түзу жүргізе аламыз?
комментарий/решение(1)
Есеп №3. ${{4}^{50}}\cdot {{5}^{105}}$ санының ондық жазбасында қанша цифр бар?
комментарий/решение(1)
Есеп №4. Би үйірмесіне 6 ұл бала және 6 қыз бала қатысады. Оларды қанша әдіспен ұл-қыз парларына бөлуге болады?
комментарий/решение(3)
Есеп №5. Қаржы министрі мемлекетте айналысқа тек қана 33 және 60 ақша бірлігіне тең монеталар түсетінін бекітті. Егер олардың әрқайсысында монеталардың әр түрі жеткілікті мөлшерде болса, сатып алушы сатушыға қандай ең аз оң соманы төлей алады?
комментарий/решение(1)
Есеп №6. Клубтың жиырма мүшесі бар. Жаңа жылда олардың әрқайсысы клубтың 10 мүшесіне ашық құттықтау хатын жолдағаны белгілі болса, бір-біріне ашық құттықтау хатын жолдаған екі адам табылатынын дәлелдеңдер.
комментарий/решение(1)